«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы 25 тамызға ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы 25 тамызда өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде партия басшылығы ресми мәлімет таратты.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 24 тамызға белгіленген отырысы 25 тамызға ауыстырылды» деп жазды Twitter парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, 17 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.


Соңғы жаңалықтар