«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының 19-шы есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференция барысында филиал төрағасы Амандық Баталов саяси кеңестің 2015-2016 жылдардағы атқарылған жұмыстарына есеп берді. Сондай-ақ облыстық филиалы Саяси кеңесінің бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Жиын соңында саяси кеңестің ашық отырысы өтіп, делегаттар саяси кеңес бюросының мүшелеріне өз дауыстарын берді.

Жалпы Алматы облысының 114 мыңнан астам тұрғыны «Нұр Отан» партиясы қатарында.  Олар 338 бастауыш партия ұйымдарына жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар