+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Nur Otan партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 20 қаңтар 13:16
Бөлісіңіз:
Nur Otan партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Бюро мүшелеріне Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға 33 жастағы Мейіржан Отыншиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы тағайындалды Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Қарағанды экономикалық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Мейіржан Отыншиев 2019 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары болған.

Бюро мүшелері ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Партиялық жобалар мен бастамалардың нақтылы орындалуын еске салды. Сондай-ақ, партияның Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы орындалуы тиіс міндеттердің бірі – үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық пікірдің көш басшыларымен сындарлы диалогты одан әрі жалғастыру екені атап өтілді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланған Станислав Канкуровқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Еске салсақ, қазір Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында 59 мың партия мүшесі бар. Олар мегаполистің барлық сегіз ауданындағы 672 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT