«Nur Otan»-ға дауыс бергендердің үмітін ақтауымыз керек – Самат Мусабаев

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізіміне енген маңғыстаулық Самат Мусабаев дауыс берген сайлаушылардың үмітін ақтау керектігін алға тартады.

«Жауапкершілік басымырақ дер едім. Бір аймақтың атынан, сондағы халықтың аманатын арқалау үлкен міндет, зор жауапкершілік. Сондықтан қуаныштан көрі, бұл мандаттың салмағы мені ойландырады. Әрине, осы депутаттыққа бармас бұрын да көп ойландым. Ендігі жерде елдің, бізге сеніп «Nur Otan» партиясына дауыс берген сайлаушылардың үмітін ақтауымыз керек. Осы бағытта шамамыз келгенше қызмет етеміз», - деді С. Мусабаев.

«Мен өзім кәсіпкер болғандықтан, бұрыннан айтып жүрген ұстанымым - мемлекет пен бизнестің бірігуіне ықпал ету. Одан бөлек руханият, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге жұмыс істеймін. Әрине, бұдан да басқа елдегі, өзім сайланған Маңғыстау облысындағы қордаланып қалған әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелерді кезек-кезегімен көтеріп, шешілуіне күш саламын», - деп атап өтті ол.



Соңғы жаңалықтар