Nur Otan астаналық «Қазақауыл» ықшамауданы тұрғындарына газ тарту мәселесінде көмек берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Жыл басынан бері «Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде депутаттар, партия мүшелері – мемлекеттік органдардың басшылары 14 мыңнан астам қабылдау өткізіп, 74 мыңнан астам қазақстандықты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өтініштердің 96%-і бойынша оң шешімге қол жеткізіліп, консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді. Қалған 4%-і орындалуда.

Партияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, соңғы 2 жылда жарты миллионннан астам өтініш қабылданған, олардың 74%-і Интернет арқылы түскен.

Өткен жылдың соңында онлайн-режимде өткен қабылдаулардың бірінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны Айбек Қосмағамбетовтің өтінішін қарады. Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрғыны сол кезде елді мекенде жолдың жоқтығын айтып, шағымданған болатын.

Бауыржан Байбек өз кезегінде Айбек Қосмағамбетовке депутаттар таяу уақытта өтетін сессияда елді мекендегі жолды жөндеуге қаражат бөлу мәселесін қарайтынын айтқан еді.

«Nur Otan»-ның облыстық фракциясының депутаттары өтінішті қарағаннан кейін биыл ауылдағы жалпы ұзындығы 2,6 км болатын екі жолға орташа жөндеу жүргізілген. Ә.Молдағұлова атындағы көшені жөндеуге облыстық бюджеттен 65,5 млн теңге, ал Абат Байтақ көшесіне – 140,2 млн теңге бөлінген. Бүгінде асфальт төсеу және жүргіншілер жолдарын жайластыру жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, азаматтардың қоғамдық қабылдау барысында көтерген өтініштерінің оң шешімін тапқандары да баршылық.

Мәселен, «Nur Otan»-ның елордалық филиалына «Қазақауыл» ықшамауданының тұрғыны газдандыру мәселесін шешу туралы өтінішпен хабарласқан. Өйткені әуел баста осы ауылдың 150 үйі газ желісін тарту жобасына кірмей қалған екен. Елорданы және ел өңірлерін газдандырудың ауқымды жобасына Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастамашы болғанын ескере отырып, Партиялық бақылау комиссиясы Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшевпен тұрғындардың кездесуін дереу ұйымдастырды. Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті басқару органдарының өкілдері тұрғындарды «Қазақауыл» ықшамауданын газбен қамту желісін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірнеленетінін, ал жұмыс биылғы төртінші тоқсанда басталатынын айтып сендірді.

Батыс Қазақстан облысында нұротандықтар Орал қаласынан 140 км қашықтықта орналасқан Сырым ауданының Жымпиты ауылы тұрғындарының көлік мәселесін шешуге көмектесті. Осыған орай партиялықтардың араласуымен Жымпиты – Орал бағытында тұрақты автобус қатынай бастады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін жол жүру ақысы тегін болды.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы үйлердің бірінің тұрғындары жарты ғасырдан бері табиғи газ тартуды сұрап келеді. Ғимарат сонау 1965 жылы жатахқана ретінде пайдалануға берілген, ал 90-жылдары тұрғындар пәтерлерін жекешелендіріп алған. Жоғарыдағы мәселесін шешу үшін тұрғындар «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалына жүгінді. Нәтижесінде қалалық бюджеттен қаражат бөлініп, тиісті жұмыс жүргізілді. Соның арқасында барлық пәтерге газ тартылды.

«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыстардың бірі арқылы жүгіне аласыз:

- Call-центр: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

- WhatsАpp: 8 700 800 4441

- E-mail: [email protected].

- Отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет бойынша «111 Жедел қызметі».


Соңғы жаңалықтар