Nur Otan: Ақтөбеде алдағы бес жылда 214 шақырым электр желісі тартылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында алдағы бес жылда 23 мың жер телімі беріледі. Оларға инженерлік желі тарту жұмысы кезең-кезеңімен атқарылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Амангелді Есіркепов, Асқар Қыстаубаев, Сергей Вишняк энергетиктермен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, таза су, сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуді қолдайды. Жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жобаларын іске асыруға үлес қосады. «Энергосистема» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездескен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер облыс тұрғындарын газ, су, электр желісімен қамтамасыз ету жоспарын айтты.

«2021-2025 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 23 мың жер телімі беріледі. Облыс халқы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. Сонымен бірге 104 ауылға газ беріледі. Ақтөбе қаласы бойынша 214 шақырым электр желісі тартылады. Олардың қатарында Қурайлы, Құршасай, Ақжар плюс, Шығыс-1 тұрғын үй алаптары секілді 20-дан астам елдімекен бар. Жаңа тұрғын үй алаптары бой көтереді. Сөйтіп алдағы бес жылда 20 мың тұрғын сапалы инженерлік желіні тұтынады», - деді үміткер Амангелді Есіркепов.

Үміткер Асқар Қыстаубаев энергетиктерді ел болашағы мен бірлігі үшін таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.


«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар