Nur Otan: 2025 жылға қарай Ақтауда қалдықты өңдеу және кәдеге жарату үлесі 80 пайызға жетеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер - Ғани Әбдісадықов, Кирилл Осин, Гүлден Иманғалиева және Ерген Сыражанов мереке күндері «Adver», «Берекет-Ф» және Kaz Fruit Company ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде Ақтау қалалық мәслихат депутатына кандидаттар үш компанияның қызметкерлерін партияның сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, өңірді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған міндеттері мен басты басым бағыттары туралы айтып берді. Олардың талқылауында әлеуметтік мәселелер баста назарға ілікті.

Кәсіпорын қызметкерлері мен ескі шағын аудандардың тұрғындары тұрғын үйлердің, мектептер мен балабақшалардың жанындағы автотұрақтарды кеңейтуді, футбол алаңдарын салуды, қаланың жасыл желектерін суаруды және күтіп ұстауды жақсартуды сұрады.

Штаб мүшелері қала тұрғындары қоғамымызда айналаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптасуына атсалысуға және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс екенін атап өтті.

Ақтау қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланың жаңа шағын аудандарындағы орталық көшелерге жыл сайын жасыл желектерді отырғызуды, сондай-ақ қаланың жасыл желектерін суару және күтіп ұстау бойынша тиімді және ұзақ мерзімді жұмыстарды ұйымдастыруды көздейді. 2025 жылға қарай ұзындығы 10 шақырым тамшылатып суару жүйесін салу аяқталады.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою және қоқыс үйінділерінің пайда болу мүмкіндігін азайту жөніндегі шараларды күшейтеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша арнайы техника, қоқыс тасығыштардың санын көбейтеді. Барлық елдімекендерде, соның ішінде қоқысты бөлек жинауға және ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Маусымдық сенбілік өткізу саны жылына 20 есеге дейін артады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай қала бойынша ҚТҚ-ны қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 80%-ды құрайды.

2025 жылға дейін қаланың барлық шағын аудандарындағы аула көшелері жарықпен қамтылады. 2021-25 жылдар аралығында қаланың 48, 5 мың шаршы метр ішкі шағын аудандық жолдарына ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жүргізіледі.

«Біздің бағдарлама туған қаланы кешенді дамытуға бағытталған. Партия нақты шаралар ұсынады. Біз сіздерді сайлауда партияны қолдауға шақырамыз», - деп қорытындылады Осин және Иманғалиева.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар