Новосібір жанармай стансасындағы жарылыс: 21 адам күйіп қалды

None
None
НОВОСІБІР. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейдің Новосібір қаласында Гусинобродский тасжолында жергілікті уақытпен сағат 18:04 кезінде жанармай стансасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жеті минуттың ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетті.

«Еврогаз» компаниясы өкілінің айтуынша, от көлікке жанармай құйып жатқанда тұтанған. Бір жүк көлігі мен бір жеңіл көлік жанып кеткен.

Өрттің алдын ала себебі - газтасымалдаушы көлікті босату кезінде сыртқа шыққан газ.

Жалын шарпыған аумақ - 800 шаршы метр. Өрт қаупі жағынан үшінші (жоғары) деңгейге жатқызылған. Оқиға орнында сұйық отын құйылған резервуарлар қайта-қайта жарылып жатыр, ТЖМ жеке құрамы қауіпсіз қашықтықта жұмыс істеп жатыр.

ТАСС ақпарат көзінің мәліметінше, қазірдің өзінде кем дегенде бес жарылыстың даусы естілген.

Тілсіз жаудан тұрғын үйлерге қауіп жоқ, дегенмен от жапсарлас орналасқан қойманы шарпуы мүмкін.

21 адам зардап шеккен. Оның он жетісі ауруханаға жеткізілді.

Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Ирина Большакованың айтуынша, бес адамның жағдайы ауыр.

Прокуратура тексеруді бастап кетті.



Соңғы жаңалықтар