Нөсер жаңбыр салдарынан Франция мен Италияны су басты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның оңтүстігінде және Италияның солтүстік-батысында қатты дауылдан кейін екі адам қаза тауып, кем дегенде 25 адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC cілтеме жасап.

Алекс деп аталатын дауыл қатты жел мен нөсер жаңбырға ұласып, су тасқынын тудырды.

Францияның оңтүстігіндегі Ницца қаласының айналасындағы бірқатар ауыл зардап шекті. Қала басшысы бұл су тасқынын ең күшті су тасқыны деп сипаттады.

Италияның солтүстігінде жолдар мен көпірлерді су шайып кетті, ал бірнеше өзен арнасынан асты.

Түнде жауған жаңбырдың салдарынан елдің солтүстік-батысында тағы 17 адам жоғалып кетті деп хабарланды; Олардың арасында тауға кетіп, оралмаған төрт неміс треккері бар.



Соңғы жаңалықтар