«Норвегияның Арктика жарысы»: Луценко мәреге үшінші болып жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алексей Луценко бастаған «Астана» велокомандасы «Норвегияның Арктика жарысының» ең қиын кезеңін жақсы нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Арктика жарысының «Корольдік кезең» деп аталатын осы бөлігі Норвегияның Нурланн облысындағы (фюльке) Мельбу елді мекенінің жанындағы биік Сторхейя тауының ұшар басында аяқталды.

Жарыстың биік шыңға өрмелеген соңғы бөлігінде Алексей Луценко жақсы дайындалғанын көрсете білді. Сөйтіп, жарыс жолының ой-қырын жақсы білетін жергілікті велошабандоз Одд Кристиан Айкинг және франциялық Варрен Баргидің ізін ала мәреге үшінші болып жетті.

«Соңғы көтерілу қиынға соқты. Мен соңына дейін күрестім. Үшінші болып келсем де, өкінбеймін, өйткені қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бүкіл командаға алғыс айтамын, жігіттер мен үшін көп еңбек етті», - дейді Алексей Луценко.

Жалпы жарыстың аяқталуына бір кезең қалды. Қазір бас квалификацияда Варрен Баргий көш бастап тұр, ал екінші орындағы Алексей Луценко одан үш-ақ секунд артта келеді. «Астананың» басқа мүшелері Уго Уль бесінші (+0.30), ал Магнус Корт алтыншы (+0.35) орында.

Соңғы жаңалықтар