22:55, 24 Мамыр 2020 | GMT +6
Норвегиялық тыңдармандар Димашты туған күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Димаш Құдайбергеннің норвегиялық тыңдармандары әншінің туған күніне арнап музыкалық бейнеролик жасап шығарды. Бұл видеоролик Facebook-те жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек , бүгін қазақстандық әнші, сазгер, мультиинструменталист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайбергеннің туған күні.