Норвегиялық саясаткер Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жетістіктерді саралап, келешекті айқындайтын жауапты кезең. Норвегияның бұрынғы премьер-министрі және Христиан-демократиялық партиясының жетекшісі Кьелл Магне Бондевик «Vårt Land» (Біздің жер) газетінде осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан 30 жыл бұрын Совет одағы ыдырап, бірнеше ел қайтадан тәуелсіз мемлекет атанды. Олардың бірі Қазақстан еді. Бұл ел орналасқан жері мен саясатына қарай Еуропаға бастайтын көпір ретінде маңызды рөл атқара алады. Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы көпір бола алады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап бұл елдің дамуын бақылау қызық болды. 20 миллионға жуық халқы бар мемлекет табиғи ресурстарға, әсіресе мұнайға, газға және көмірге бай. Елдің географиялық ауқымы бүкіл Батыс Еуропаға пара-пар. Шекарасы Қытай мен Ресей сияқты қуатты көршілермен шектеседі», - деп жазады саясаткер.

Сондай-ақ, ол Қазақстан үшін тәуелсіздіктің 30 жылдығы өткенге есеп беріп, келешекке жаңа бағдар ізтейтін жауапты кезең деген пайым айтады.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл елдің қол жеткізген нәтижелері мен әлемдік аренада атқаратын рөлін еске салудың мүмкіндігі. Бұл сонымен қатар Қазақстанға Еуропамен демкоратя және адам құқықтарын нығайту жолында күш біріктіріп, сол арқылы Орталық Азияны және бүкіл әлемді қауіпсіздік жолында ынтымақтастыққа шақыруға мүмкіндік береді», - дейді Норвегияның Христиан-демократиялық партиясының жетекшісі.


Соңғы жаңалықтар