+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Норвегиялық дәрігерлер коронавируспен күреске көмектесу үшін Италияға аттанады

2020 жылғы 7 сәуір 08:18
Бөлісіңіз:
Норвегиялық дәрігерлер коронавируспен күреске көмектесу үшін Италияға аттанады

ОСЛО-РИМ. ҚазАқпарат – Норвегиялық дәрігерлер коронавируспен күресіп жатқан италиялық әріптестеріне көмектесу үшін Италияға аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Норвегияның денсаулық сақтау министрі Бент Хойенің айтуынша, қазіргі таңда Италияның солтүстігіндегі Ломбардия аймағында медициналық қызметкерлер өте тапшы.

«Біз Норвегиядағы жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ал Италияда коронавирус кең тарап, өршіп кетті. Сондықтан дәл қазір үлкен қиындыққа тап болған елге қол ұшын созуымыз керек»,- деп түсіндірді ол Норвегия үкіметінің шешімін.

Норвегиядан Италияға аттанатын 25 адамнан тұратын делегация құрамында медбикелер, дәрігерлер және медициналық логистика мамандары болады. Олар Апеннин түбегінде 4 апта бойы қызмет етеді.

«Еуропадағы ынтымақтастық пен ниеттестік – бос сөз емес. Қазір біз оны іс жүзінде көрсетіп отырмыз. Біз Италияға жіберіп отырған дәл осындай медициналық команда өткен жылы эбола ауруы арағанда Конго Республикасында және қызылша өршігенде Самода көп көмектесті. Біздің ұсынысымызды италиялықтар қуана қолдады», - дейді Норвегияның сыртқы істер министрі Ине Сорейде.


Автор: Ілияс Омаров


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT