Норвегияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Норвегияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Норвегияда пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың рекордтық тәуліктік өсімі тіркелді - 2 552 жаңа жағдай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша Норвегияда бір апта ішінде вирустан өлім-жітім 67% артты. Пандемия басталғалы Норвегияда коронавирус инфекциясының 235 314 дерегі анықталды, 995 науқас қайтыс болды.

Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте коронавирустың 3 292 оқиғасы тіркелді. Пандемия басталғалы елде коронавирусты барлығы 406 065 адам жұқтырған. Өткен тәулікте коронавирустан 29 науқас көз жұмды, қайтыс болғандардың жалпы саны 3 187 адамға жетті.

Үндістанда 18 қарашада таңертең коронавирустың 11 919 жаңа жағдайы тіркелді, бұл жыл басынан бері індет жұқтырғандар санын 34 478 517-ге дейін арттырды. Аурушаңдық көрсеткіші 16,8% құрады, соңғы тәулікте елде 470 адам инфекция салдарынан қайтыс болды, зардап шеккендердің жалпы саны 464 623 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар