Норвегия 29 қаңтардан бастап елге кіруге тыйым салады

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ТАСС – ҚазАқпарат – Норвегия үкіметі 29 қаңтар, жұмадан бастап шекараны жабу туралы шешім қабылдады, елден тек аса маңызды себеппен ғана шығуға болады. Бұл туралы сәрсенбі күні Норвегияның телеграф бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Тәжірибе жүзінде шекара Норвегияда тұрмайтындардың барлығына жабық болады», - деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Эрна Сульберг.

Оның айтуынша, өте маңызды тауарлар мен қызметтер бұрынғыша Норвегияға жеткізіліп отырады, бірақ жаңа ереже бойынша, «көптеген еңбек мигранттары келесі аптада елге келе алмайды». Бұл ереже екі аптадан кейін қайта қаралады.

Норвегияда коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 279 адамға артып, 61 594-ке жетті. Бұл туралы сәрсенбі Норвегияның денсаулық сақтау институты хабарлады.

Пандемия кезінде инфекциядан елде 550 науқас қайтыс болды. 3 млн-нан аса адам коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші 6 қаңтар күні тіркелді – 930 науқас.

Норвегияда инфекцияға шалдыққандар алаңсыз жаздан кейін 2020 жылғы тамыздың соңында көбейе бастады. Елде коронавирус жұқтырған алғашқы адам былтырғы жылдың ақпан айының соңында тіркелді.

25 қаңтардан бастап Норвегия елге кіруге қойылатын талаптарды күшейтті.

Енді елге кіретін адамдардың барлығы сапарынан кем дегенде 24 сағат бұрын тапсырылған, коронавирустың жоқ екенін дәлелдейтін талдау нәтижесін көрсетуі қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін Норвегияда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина биыл сәуірде қолданылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар