Нормативтік-құқықтық акті жобаларында 4 мыңға жуық жемқорлық факторы анықталған – агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдарда жемқорлыққа алып келуі мүмкін нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) жобаларындағы негізгі факторлар жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, елімізде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы уақтылы және сапалы қорытындылар дайындау үшін жұртшылық арасынан жоғары кәсіби сарапшылық әлеует қалыптастырылған. Қайта ұйымдастырылған конкурстық іріктеу нәтижесінде бұрын бекітілген 93 сарапшыдан тұратын тізілім 39 жаңа сарапшымен толықтырылған.
Аталған сарапшылардың бірі - Ғ.Сапарғалиев атындағы ҒЗИ басшысы Сұлтан Әлімжановтың айтуынша, мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға НҚА жобалары көп түсіп жатыр.
Қазіргі таңда 2 400-ден астам НҚА жобасына қатысты қорытынды шығарылған. Оның ішінде 1 023 НҚА жобасында жемқорлыққа алып келуі мүмкін 4 мыңға жуық фактор болған. Оларды жою бойынша ұсынымдар берілді.
Аралық нәтиже көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі факторлары:
- дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі (33%);
- екіұшты тұжырымдау (18%);
- тиесілі құқықты іске асыру үшін тұлғаға қойылатын жоғары талаптар (15%);
- құқықтық олқылықтар (10%);
- құқық нормаларының қайшылықтары (10%).
«Талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлықтың негізгі нормалары әлеуметтік қамсыздандыру, қаржы, салық және медициналық заңнама саласындағы НҚА жобаларында қамтылған» - деді Сұлтан Әлімжанов.
- Ақтөбеде мұнай өнімдерін ұрлап, Ресейге сатқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты
- Алматыда ішкі нарықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
- Елордада карантинге қарамастан балалары ойын клубтарында жүрген 111 ата-ана жазаланды
- Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылған
-
Кореяда сотталған 25 қазақстандықты елге қайтаруға мүмкіндік жасалмақ
-
Мәжіліс өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын құжатты мақұлдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам