+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Нокдаун және нокаут: Айдос Медет Алматыдағы кеште жеңіске жетті

2021 жылғы 10 сәуір 09:06
Бөлісіңіз:
Нокдаун және нокаут: Айдос Медет Алматыдағы кеште жеңіске жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет (5-0, 3 КО) Алматыда өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италия» кезеңінде үшінші болды Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды Каратэден әлемдік лицензиялық жарысқа кімдер қатысады

20 жастағы қазақстандықтың оппоненті өзінен екі жас үлкен украиналық Павел Трипутень (2-7-1) болды.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа есептелген болатын. Алайда ол екінші раундта аяқталды. Айдос қарсыласын алдымен нокдаунға, кейіннен нокаутқа жіберді.

Осылайша, А.Медет профи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал П.Трипутень сегізінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Айдос әуесқой бокста кадеттер арасында Қазақстан чемпионы болған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT