Ноғаев Атырау өңірінің экономикалық даму көрсеткіштерін жария етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН-АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 9 айында Атырау облысында негізгі капиталған салынған инвестиция көлемі 9,8 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 106,3 пайызды құрады. Жан басына шаққанда 18 пайызды көрсетті. Өнеркәсіп өнімнің көлемі 103,7 пайыз болды. Мұнай және газ өндіру көлемі де өсіп көрсетіп отыр. Негізгі капитала салынған инвестициялар 3 трлн 179 млрд теңген құрап, 9,8 пайыз өсім көрсетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 36,5 пайызға және тұрғын үйді пайдалануға беру 16 пайызға өсті. »Кәсіпкерлікті қолдау« картасы аясында 2015-2025 жылдары жалпы құны 3 трлн 170 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асып жатыр және осы жобаларды жүзеге асырғанда 3 889 жаңа жұмыс орындары ашылады», - деді облыс басшысы.

Өңір әкімінің айтуынша, бірінші бесжылдықта облыста 28 жоба іске қосылды. Екінші бесжылдықта 32 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 1 832 жұмыс орны жаңадан ашылады. Индустрияландыру картасының аясында 3 ірі жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру, КРІ газ-химия кешенінің бар.

«Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істе тұрған субъектілердің саны 6,3 пайызға артып, 49 161 бірлікті құрады және осы мекемелердің шығарған өнімдері 1трлн 362 млрд теңге болды. 30 пайыз өсім көрсетті. Аталған субектілерде жұмыспен қамтылғандардың саны 128 мың адамды құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мыңға жуық адамға аз. Себебі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ұлғайып, көптеген мекемелер ірі кәсіпорын санатына өтті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар