НКОК Каспийдегі жаңа кен орындарын өңдеуге кіріседі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын өңдеуге кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспийдің қазақстандық бөлігінде орналасқан Қаламқас-теңіз кен орны 2002 жылы ашылды. Ол Қашағаннан оңтүстік-батысқа қарай 120 шақырым қашықта Хазар кен орнына өте жақын орналасқан. Қаламқас-теңізі мен Хазар кен орындарының мұнай қоры 70 миллион тоннаны құрайды», - деп хабарлады НКОК-тың денсаулық, еңбек, қоршаған орта және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі директоры Ермек Марабаев.

35 ұңғыманы бұрғылау 2030 жылы басталмақ.

Еске салайық, Қаламқас-теңізінің перспективасы 90-жылдары сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған еді. Мұнайдың геологиялық қоры 284,5 млн тоннаны, шығару қоры - 50,7 млн тоннаны құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар