+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

2021 жылғы 2 тамыз 15:25
Бөлісіңіз:
Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения Президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Президенттің жарлығы конституциялық талапқа негізделген, оған сәйкес республика үкіметінің басшысы болып парламенттік көпшілік ұсынған кандидат тағайындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжанда жалған вакцинация паспортын жасатқандар 5 жылға дейін түрмеге қамалады Коронавирус: Дания барлық шектеулерді алып тастады Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон азаматтарды ревакцинациядан өтуге шақырды

2 тамызда кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы бойынша құрылған 8-ші шақырылымның Ұлттық жиынының бірінші отырысы өтіп жатыр. Парламенттік көпшілікті құрайтын «Гражданский договор» парламенттік фракциясы премьер-министр кандидатурасына өзінің көшбасшысы – Никол Пашинянды ұсынды. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, ел Президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиынның өкілеттік мерзімі басталысымен премьер-министр ретінде парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты тағайындайды.

«Конституцияның 149-бабының 1-бөлігін негізге ала отырып, Никол Пашинян премьер-министр болып тағайындалсын», - делінген Армения Президенті жарлығының мәтінінде.

Еске сала кетейік, Арменияда 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Сайлауда «Гражданский договор» партиясы жеңіске жетті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Армения Министрлер кабинеті премьер-министр тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT