Нигерияда жүздеген тұтқын түрмеден қашып кеткен

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Дүйсенбіде Нигерияның Оверри қаласының (Имо оңтүстік штатының әкімшілік орталығы) орталық түрмесінен бірнеше жүз тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Vanguard газетіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, белгісіз біреулердің қарулы тобы түрмеге басып кірген, жүздеген тұтқын қашып кеткен, кем дегенде бір полиция қызметкері қаза тапты.

«Шабуылдаушылар түрмені бір сағаттың ішінде басып алды», - деді куәгерлердің бірі. Ол қарулы топ басты кіреберіс жерге әскери нөмірлері бар көлікпен келгенін атап өтті.

Қазір түрмеге қосымша әскери бөлімшелер жіберілді. Қашып кеткен тұтқындар іздестіріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар