Нигерияда көлік апатынан 13 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нигерияның солтүстігінде болған жол-көлік апатынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нигерияның The Nation Newspaper газетіне сілтеме жасап.

Нигерияның жол қозғалысы қауіпсіздігі Федералдық корпусының мәліметінше, бағдарлы автобус және төрт көлік соқтығысқан. Көптеген жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты Кадуна штатының Джар-мармара кентінің маңында орын алған.

Алдын ала деректерге қарағанда, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, өзге төрт автомобильмен соқтығысқан.


Фото: AFP
Соңғы жаңалықтар