Нигерия жағалауында қарақшылар контейнер тасушы кемеге шабуыл жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сингапур туын желбіреткен MAERSK CARDIFF контейнер тасымалдайтын кемеге кеше түнде Нигерия жағалауында қарақшылар шабуыл жасады. Бұл туралы бейсенбіде Maritime Bulletin порталы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта контейнер тасымалдайтын кеме Порт-Харкорт қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Гвинея шығанағындағы дрейфте тұр.

Порталдың жазуынша, теңіз қарақшыларының жүк кемесін басып алуы да мүмкін еді. Дегенмен оқиға болған жерге таяу маңда Нигерия қауіпсіздік қызметінің катері болған.


Соңғы жаңалықтар