Нидерланды халқы Ұлы дала әуеніне қанықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен алдағы Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстан дипломаттарының шақыруымен Гаагадағы әйгілі Дилиджентиа театрында «Зе Мэджик ов Ноумадз» тобының концерті және Қазақстанның осы мемлекеттегі елшілігінің салтанатты қабылдауы өтті.  Концерттік қойылым алдында еліміздің Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов қонақтарға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі тезистерін жеткізді.

Осыдан кейін көрермендер домбыра, сыбызғы, шаңқобыз бен сазсырнайдан төгілген күй мен ән арқылы ұланғайыр даланың үнін естіп, көшпенділердің тарихымен және мәдениетімен танысты. Ұлттық музыканың джазбен үндесуі қонақтарды тәнті етті.

«Концертте джаз да болды. Бірақ мен мұндайды Голландияда естіген емеспін. Әсіресе маған өнерпаздар тобының әншісі ұнады. Оның ойнаған аспабының үні қандай ғажап. Концерт өте ұнады», - дейді  жергілікті көрермен Александр Белартс ван Блокланд.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада Елбасы қазақ мәдениетінің, ділі мен танымының тамыры терең екенін атап өтті. Міне, бүгін батыс көрермендері көшпенділердің музыкасы мен мәдениетін естіп, соны сезінді», - деп атап өтті Қазақстанның Нидерландыдағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов.

Соңғы жаңалықтар