Нетаньяху 12 жылдық биліктен кейін Израиль премьер-министрлігінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Израиль парламенті коалициялық үкіметтің жаңа құрамын бекітіп, Биньямин Нетаньяхудің 12 жылдан бергі билігіне нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Нетаньяху Израильді рекордты 5 мерзім бойы басқарды. Жаңа үкіметке бұрынғы қорғаныс министрі, оңшыл саясаткер Нафтали Беннет басшылық ететін болды. Коалицияда оның кабинеті Яир Лапидтің жетекшілігіндегі центристік партиямен жасақталған. Тараптар келісім жасасқан, оған сәйкес Беннет премьер-министр лауазымында екі жыл болады. Кейін бұл қызметті екі жылға, яғни жаңа парламенттік сайлау өткенше Лапидке береді.

Жаңа альянсқа идеология тұрғысынан үлкен қарама-қайшылыққа ие партиялар еніп отыр. Сондай-ақ үкіметте әйел министрлердің рекордты саны (8 министр) болатыны күтілуде. Партияларды саяси бағытта ештеңе байланыстырмаса да, олар Нетаньяхудің көпжылдық басшылығына нүкте қою мақсаттарында ортақ.

Альянс Израиль мен ХАМАС (Газа секторында палестиналық анклавқа басшылық ететін исламистік топ) арасындағы 11 күндік қақтығыстан кейін және көбіне араб халқынан құралған израильдік қалаларда қауымдар арасындағы жанжалдан кейін туындады.

Израильдің жаңа үкіметінде 28 министр мен олардың 6 орынбасары болады.


Соңғы жаңалықтар