Несіпбек Айтұлы: Сайлауда жеңгендер ел мүддесін бәрінен биік қояды деп сенемін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы қазақстандықтарды сайлауда белсенділік танытып, сенім білдіретін партиясына дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі сайлау – тарихи сайлау. Болып жатқан сайлаудың өту барысы өте ерекше. Себебі қазір әлемде коронавирус инфекциясы таралып жатыр. Осыған қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі сайлауды барлық маңызды ережелерді басшылыққа ала отырып ұйымдастырған. Әр сайлау учаскесінде індетке қарсы шаралардың қабылданғаны қуантады.

Мен бүгін № 351 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Осы саяси додада жеңіске жеткен депуттатар ел мүддесін бәрінен биік қойып, адал қызмет етеді деген сенімдемін.

Дауыс беру - біздің азаматтық борышымыз. Ал кім қандай партияны таңдайды, ол - әркімнің өз еркінде», - деді Несіпбек Айтұлы.

Сонымен қатар «Парасат» орденінің иегері қазақстандықтарды сайлауда белсенділік танытып, сенім білдіретін партиясына дауыс беруге шақырды.


Соңғы жаңалықтар