Непалда пілдер шабуыл жасаған елді мекенге әскерилерді шақыруға тура келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдың оңтүстік-батысында пілдердің шабуылынан кемінде бір адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды АР. Оқиға Прасени елді мекенінде орын алды.

Пілдер адамдар тұратын мекенге 28 желтоқсан күні, сәрсенбіде таңертеңгілік әлі қараңғы сейіле қоймаған  және тұман түскен сәтте шабуыл жасады, деп мәлім етті журналистерге жергілікті әкімшілік өкілдері.

Олардың айтуларынша, билік тез арада  арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлерін ауылға жіберіп, пілдерді орманға қуды. Зардап шеккен тұрғындар ауруханаларға жатқызылды.

Прасени ауылы Непалдағы танымал "Бардия" ұлттық паркінің маңында орналасқан. Мұнда пілдер, жолбарыстар, мүйізтұмсықтар мен көптеген басқа да жануарлар бар. Дегенмен жануарлардың шабуылынан қаза тапқан оқиғалар жиі кездеспейді. 

null 

Соңғы жаңалықтар