Непалда автобус апатынан 28 адам қаза тапты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. Синьхуа-ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Непалдың батысында жолаушылар автобусы жардан құлап, кем дегенде 28 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, автобуста 42 адам болған. Қаза болғандардың дені - студенттер мен еңбек мигранттары.

Тергеудің алдын ала нәтижелеріне қарағанда, жолдың қиын бөлігінде автобустың дөңгелегі жарылуы салдарынан кейін жүргізуші рульге ие бола алмай қалған.

Соңғы жаңалықтар