Неміс ғалымдары COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қан топтарын анықтады
Ғалымдар Италия мен Испаниядан келген коронавируспен ауыратын 1610 пациентті зерттеді. Олардың ДНҚ молекулалары зерттелді. Анықталғандай, II қан тобындағы адамдарда (қазіргі классификацияға сәйкес оны А қан тобы деп те атайды) COVID-19 қаупі айтарлықтай жоғары. Атап айтқанда, I қан тобындағы адамдармен (қазіргі классификацияға сәйкес 0 қан тобы) салыстырғанда екі есе көп.
Бірінші қан тобындағы адамдарға келетін болсақ, жаңа деректер олардың коронавирусқа қарсы иммунитетін мүлдем көрсетпеді, бұл олардың COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауырып шығу қаупі барынша аз екенін білдіреді.
Ал III және IV қан тобындағы немесе қазіргі классификация бойынша В және АБ топтарындағы коронавирус жұқтырған науқастарда COVID-19 вирусымен ауырудың айқын тенденциясы байқалмайды.
14 қазанда Blood Advances мамандандырылған басылымында тағы екі зерттеудің нәтижелері жарияланды.
Неміс және норвег ғалымдары коронавирусты жұқтырған жағдайда I қан тобындағы адамдарда ауру жеңіл түрде жүреді деген тұжырымдарын растады. Грац медициналық университетінің ғалымдары қазір мұның себебін білуге тырысып жатыр.