Неміс әуе компаниясында халі нашарлаған ұшқышты стюардесса алмастырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - TUIfly неміс әуе компаниясының стюардессасы рейстердің бірінде өзін нашар сезінген екінші ұшқышты алмастырған, деп жазады Neue Presse.

Германия әуе оқиғаларын тергеу федералды басқармасының дерегі бойынша, оқиға Boeing 737-800 ұшағының бортында 2016 жылдың қазан айында Франция аспанында орын алған. Алайда, БАҚ бұл туралы сейсенбі күні құлағдар болды.

Ұшқыш басы айналғандықтан ұшақты басқара алмаған, деп баяндады басылымға әуе компаниясының өкілі Ян Хиллрихс.

«Экипаж бұл жағдайда жақсы жұмыс жасады», - деп мәлімдеген Хиллрихс капитан мен жолсеріктің лайнерді сәтті қондырғанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар