Негізгі экспорттық тауарлардың бағасы өсті – Қаржы министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келуі негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 33,3% өсуіне әсер етті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 20% немесе 101 млрд теңгеге ұлғаюына әкелді. Нәтижесінде корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар асыра орындалды. Сонымен қатар, биыл қосылған құн салығын қайтарудың 1,4 есеге немесе 130 млрд теңгеге өсуіне байланысты ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы бойынша жоспар орындалмаған», - деді Қаржы министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарды асыра орындау негізінен өзге де салықтық емес түсімдер және мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өндіріп алулар бойынша қамтамасыз етілді.

«Жергілікті бюджеттердің кірісі 128,5% атқарылды және 1 трлн 658 млрд теңгені құрады. Жоспар 367 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 320 млрд теңгеге асыра орындалды. Барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды», - дейді Е. Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар