Назир Мұхаммед: Қазіргі әлем гуманитарлық дағдарысты бастан кешуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырдағы Әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысында рухани ынтымақтастықтың адамзат игілігінде алар орны туралы ой қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыратыны жоқ, бүгінде әлем өте қиын жағдайды және дағдарысты бастан кешіп отыр. Пандемия көптеген мәселелердің бетін ашты. Осыған байланысты мен бұл форум дер кезінде өтті деп айтқым келеді. Өйткені әлем бүгінде гуманитарлық дағдарыс пен қанды қақтығыстарды бастан кешуде және осының бәрі адамдардың бір-бірін өлтіруіне алып келеді», - деді Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд.

Осыған байланысты ол өзара ынтымақ орнату және проблемалық мәселелерді шешу үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің рөлі жоғары екенін атап өтті.

«Демек, адамзат игілігі үшін өзара ынтымақ орнату үшін түрлі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары мен жетекшілерін біріктіретін осы съездің маңызы зор. Ол адамзаттың өзінің табиғи болмысына қайырылуына бағытталған» - деді Әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының бас хатшысы.

Айта кетейік, елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар