Назарбаев ядролық держава басшыларына кеңес берді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Ядролық қарудан зардап шеккен нысандарды, әсіресе, ядролық держава басшылары барып көруі тиіс. Бүгін Гои бейбітшілік қоры атынан «ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан зор үлесі үшін» 2016 жылғы әлем мәдениеті арнайы сыйлығымен марапаттау рәсімінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Токиодан.

Мемлекет ең алдымен Гои қорының ағымдағы жылғы «ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан үлесі үшін» сыйлығына табыстағандығын зор мәртебе санайтындығын атап өтті.

«Бұл сыйлық мен үшін айрықша мәнге ие.  Өйткені, мен ширек ғасыр уақытымды қауіпсіз әлем құруға, біздің еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға арнадым», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы өзінің Жапонияға осы жолғы сапары аясында атом бомбасынан зардап шеккен Хиросима қаласына барып, қаза тапқандарға тағзым ететіндігін баса айтты.

«Сол арқылы ядролық соққыға ұшыраған нысандарға әлем көшбасшыларына барып көру үндеуіне қолдау білдіремін. Әсіресе, оған ядролық держава мемлекеттердің көшбасшыларының баруы барынша маңызды. 29 тамызда біз Семей ядролық поолигонының жабылғанының 25 жылдығын атап өттік. Бұл әлем үшін өте маңызды дата. Өйткені, дәл осы кезде Қазақстан ядролық  қарудан азат ел құру жолына түскен еді. Осыдан кейін Невада полигонының, сонымен қатар Қытай аумағындағы полигонның үні өшті», - деді Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар