Назарбаев әлем көшбасшыларына үндеу жолдады

None
None
ХИРОСИМА. ҚазАқпарат - Хиросима мен Нагасаки қалалары адамзаттың жалпы қырып-жою қаруына қарсы күресінің жалпы әлемдік нышаны саналады. Бүгін Хиросима қаласының «Айрықша құрметті азаматы» атағын салтанатты жағдайда табыс ету шарасында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хиросимадан.

Мемлекет басшысы ең алдымен қала билігіне, Хиросима тұрғындарына жылы қабылдап, қонақжайлық танытқандары үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қаланың айрықша құрметті азаматы атағын  табыстауды Қазақстан мен Жапонияның антиядролық қозғалыстағы ынтымақтастығының белгісі болып саналатындығын атап өтті.

«Жапондардың Хиросима мен Нагасаки қалалары адамзаттың жалпы қырып-жою қаруына қарсы күресінің жалпы әлемдік нышаны саналады. Бүкіл әлем сіздердің ядролық арсеналдан азат әлем құрудағы күш-жігерлеріңіз бен баға жетпес үлестеріңізді жоғары бағалайды. Бүгін мен осы жерге атом бомбасынан қаза тапқан ондаған мың құрбандарға тағзым ету үшін келіп отырмын», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазақ жері де 40 жылдан астам уақыт бойы ядролық сынақтардан зардап шеккендігін, сондықтан жапон халқының басынан өткен атом бомбасы зұлматын жақсы түсінетіндігін баса айтты. Екі елдің ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы  бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

«Хиросимаға келіп, Бейбітшілік мемориалды саябағының нысандарымен танысқаннан кейін ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы біздер ілгерілетіп жүрген бастамаларымыздың маңыздылығына деген менің сенімім тағы да нығая түсті. Осы жерде, Хиросимада  атом бомбасының зұлматын сезіне отырып, барша әлемнің көшбасшыларын ядролық сынақтардан бас тартуға, атом трагедиясының қайталануына жол бермеуге үндейтіндігімді айтқым келеді», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар