Наурыз мерекесінде ұжымдық корпоратив өткізу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа тұжырымдамада ұжымдық корпоративтердің Наурыз мейрамында өткізу ұсынылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан даму институты Ұлыстың ұлы күнін мерекелеудің жаңа форматын әзірледі. Тұжырымдаманың ерекшеліктері - Наурыз мерекесі тоғыз күн ішінде өткізіледі. Соның ішінде алты күн - дайындық күндері, ал негізгі атап өту күндері - 21-22 наурыз», - дейді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы Рухани жаңғыру орталығының басшысы Жанар Бұқанова.

Ол Наурызды мерекелеуге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының компоненттері енгізілгенін айтты.

«Әз-Наурыз мерекесін отбасылық деңгейде атап өтуге мән берілген. Жаңа тұжырымдамада ұжымдық корпоративтерге Наурыз мейрамын мерекелеу ұсынылады. Сонымен қатар, марапаттау рәсімін де осы мейрамда өткізу керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар