Наурыз мерекесі: ҚазАқпаратқа құттықтаулар легі ағылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «ҚазАқпарат» ХАА атына құттықтаулар легі ағылуда. Құттықтау жолдаушылар арасында агентіктің шетелдік әріптестері, шет ел елшілері, сондай-ақ Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық миссиялар өкілдерінің лебіздері берілген.

Атап айтқанда, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ақпарат агенттіктері Одағы (UNA) тарапынан Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Хазем Абдо айтулы күнімен құттықтады.

«Осынау үміт пен береке сыйлайтын көктемнің шуақты мейрамы құтты болсын! Мүмкіндікті пайдалана отырып, Жаратқаннан сіздердің еліңізге береке тілеп, прогресті қадамдарыңыз үшін тұрақтылықты мәңгілік етуін тілеп, әлемді шектеген коронавирус пандемиясының соңын биыл көруге жазсын деймін», - делінген құттықтау хатта.

Ал ИРНА Иран Ислам Республикасы ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Мохаммад Реза Норузпур жолдаған хатында Наурыздың ұлы мәдени мұра екенін атап өтілген.

«Наурыз – біздің өңірімізде жылдар бойы сақталып әрі біздің халықтарымыз өзара тойлап келе жатқан ұлы мәдени мұра. Бұл бір жағынан екі ел достығының символы», - делінген құттықтау хатта.

Бұдан бөлек, «ҚазАқпарат» ХАА атына Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Жээнбек Молдоканұлы Кулубаевтан, Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы, Жапониядағы, Қатар Мемлекетіндегі Моңғолиядағы Эстония Республикасындағы, Беларусь Республикасындағы Елшілері атынан құттықтаулар келіп түсті.


Соңғы жаңалықтар