Наурыз айында инфляция 0,5% болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы наурызда инфляция 0,5% (2018 жылғы наурызда - 0,5%) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері инфляция 1,3% (2018 жылғы қаңтар-наурызда - 1,8%) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,4%-ға төмендеді» делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 4,8% деңгейінде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 6,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,0%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2%-ға дейін баяулады.

Жалпы, наурызда халықтың инфляциялық болжамы нақты инфляцияның баяулауы аясында төмендеді.

Соңғы жаңалықтар