Науқастың үйіне барып, коронавирусқа тест алатын мобильді бригадалардың қызмет құны қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният көшпелі мобильді бригадалардың ақылы қызмет құнының мөлшерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министр мырза айтып кеткендей, емханаларда және жедел жәрдем қызметінде мобильді бригадалар құрылады. Олар қазіргі таңда жұмысын бастап кетті. Тарифі әзірленді. Құны – 5400 теңге», - деді ол ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министрдің айтуынша, КВИ немесе ЖРВИ белгісі бар адамдар жедел жәрдем шақырса, мобильді бригадалар дәрігерлермен бірге барып, сол жерде тест алады.

«Шақыруға төленіп отырады. Бұл бригада бір адамға екі-үш рет келмейді. Өйткені тест бір-ақ рет алынып, КВИ бар ма, жоқ па - анықталып, учаскелік дәрігерге ақпарат беріледі», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұдан бұрынғы баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусты жеңіл және симптомсыз көтеретін адамдарға көшпелі бригадалар ақылы қызмет көрсететінін хабарлаған болатын.

Ал вице-министр Ажар Гиният осы мобильді топтардың жұмыс тәртібін түсіндіріп берді.


Соңғы жаңалықтар