Науқаспен байланыста болған медқызметкерлерден коронавирус анықталмады - Атырау

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды тексерген 4 медицина қызметкерінен корнавирус табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирус жұқтырған 4 науқаспен 21 адамның байланыста болғаны анықталған. Олардың барлығына тест жасалған. Талдау нәтижелері теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен олар 14 күн карантинде болады.

«COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды тексерген 4 медицина қызметкерінің тест қорытындылары теріс нәтиже көрсетті», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар