+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

«Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы жарық көрді

2021 жылғы 11 тамыз 10:23
Бөлісіңіз:
«Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы жарық көрді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан мен Қазақстан Егемендігінің 30 жылдығына орай Қалдыбек Сейдановтың «Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан Республикасы Тұран ғылымдар академиясының және Қазақстан Республикасының Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Қалдыбек Сейдановтың «Науаи және қазақ әдебиеті» ғылыми-зерттеу еңбегі шықты. Үш бөлімнен тұратын кітап Өзбекстан Республикасының Жазушылар Одағының «Адабиет» баспасында жарық көрді.

Еңбектің бірінші бөлімінде «Қазақ-өзбек өзара әдеби байланыстарының тарихи тамырлары» жайлы терең мағлұматтар берілген, түбі бір туысқан өзбек-қазақ халықтарының әдеби байланыстарының тарихи тамырлары туралы жазылған. Екінші бөлім «Асыл сөздің атасы» деп аталады. Онда өзбек поэзиясының шұғылалы шыңы, өзбек жазба әдебиетінің негізі қалаған А.Науаидың өмірі мен шығармашылығы жайлы аса мол мағлуматтар берілген.

Сондай-ақ, үшінші бөлім «Науаи және қазақ әдебиеті», «Науаи және Абай» деп аталатын тараулардан тұрады. Онда Науаидың қазақ халық ақындарына, оның ішінде, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Абайға тигізген игі ықпалдары жайлы ой қозғалады.

Қорыта айтқанда, көп жылдық зерттеу еңбек жоғарғы оқу орындары филология факультетінің бакалавр және магистранттар, докторанттар мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқулық болумен бірге, жалпы қазақ-өзбек әдеби байланыстарына қызығатын оқырман жұртшылыққа арналған.

Авторы: Ләззат Сейданова
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT