НАТО жедел әрекет ететін әскер санын көбейтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - НАТО жедел әрекет ету күштерін ауқымды модернизациялау және оның санын 300 мың әскерге дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта блоктың жедел әрекет ету күштерінің қарамағында 40 мың әскер бар, олардың көпшілігі альянстың шығыс қанатында орналасқан.

НАТО ұйымының бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл өсім еуропалық қауіпсіздікке тікелей қауіп төнгеннен кейін болғанын айтты. Әскери альянстың жедел әрекет ету күштері – шабуыл кезінде тез арада орналастыруға арналған құрлық, теңіз және әуе күштерінің жиынтығы.

2014 жылдан бері оның саны 13 мың әскерден 40 мыңға дейін тұрақты өсті. Дж.Столтенберг жариялаған қадамдар 28 маусымда Мадридте басталған НАТО-ның үш күндік саммитінде бекітіледі деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар