Нарынқолда Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш орнатылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Нарынқолда Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш орнатылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жаңадан құрылған Райымбек ауданының одан әрі дамуына бұдан әрі де жағдай жасалатынын айтып, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына тыңғылықты дайындық жасау керектігін айтты.
«Ақынның тойына жан-жақтан келген көпшілік Райымбек ауданының екі жыл ішінде қалай өсіп-өркендегенін де көріп қайтады. Сондықтан Қарасаз ауылында қандай нысандарды жөндеу керек, қандай көркейту жұмыстары жүргізілуі керек, мерейтой қалай өткізіледі, барлығын түгелдей қамтып, толыққанды жоспар жасау қажет», - деді А. Баталов.
Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Қарасаз ауылындағы өнер мектебін қайта салу, осы ауылдағы Барманбекұлы атындағы мектепті жөндеу, елді мекенді абаттандыру шараларына қаржы қарастырылып, Нарынқолда ақынның ескерткішін қойылып, оның маңайы да толық абаттандырылмақ.
- Мемлекет басшысы: Алматыда шешілуге тиіс көптеген мәселе бар
- Бауыржан Шүкенов: Қазақ киносына жаңаша үрдістер қажет
- Коронавирус індеті Талдықорған мен Текелі қаласында өршіп тұр
- Димаш Құдайберген фанаттарымен тікелей эфирде кездеспек
-
Кегенде 53 бас мал қарасан және пастереллезден қырылған - әкімдік
-
ҚДБ биыл «жасыл» энергетика саласындағы жаңа жобаларды қаржыландырады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам