#НарруНаурыз: Өскемен әкімі қайырымдылық челленджін бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Наурыз мерекесі қарсаңында #НарруНаурыз челленджді бастап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскемен әкімі қайырымдылық көмек көрсету және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатындағы бастаманы Instagram желісіндегі аккаунтында жүргізген тікелей эфир кезінде жария етті.
«Қала әкімі көпбалалы отбасынан шыққан 16 жасар Әнуар Қадыровтың хатын оқып берді. Жасөспірім өзіне және ағалары мен әпкесіне Наурыз мейрамы қарсаңында компьютер сыйға тартуын сұраған», - делінген хабарламада.
Жақсылық Омар баланың хатына жауап ретінде әріптестерімен бірге ноутбук сыйлап, #НарруНаурыз челленджін жариялауды шешкенін жеткізді.
«Қаланың барлық кәсіпкерлерін, қайырымды жандарды челленджге белсенді қатысуға және игі істер жасауға шақырамын. Наурыз- мейірімділік пен жасампаздықтың мерекесі», - деді Жақсылық Омар.
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- ШҚО-да биылғы алты айда 35 білім беру мекемесі тексеріледі
- ШҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылуда
-
Семейде Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағы таныстырылды
-
Волонтерлер жылы ШҚО еріктілері қандай жұмыс атқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам