Нариман Табынбаев коронавируспен күрес жұмысының нәтижесі туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- COVID-19 статистикасы алаңдаушылық тудыруда. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатуда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей отыр.

«Біріншіден, біз бұл көрсеткіштерді вирустық инфекциялар санының маусымдық артуымен байланыстырамыз. Әр түрлі жағдайлардың, соның ішінде жағымсыз жағдайлар санының артып жатқандығына қарамастан, қаланың денсаулық сақтау жүйесі COVID-19-мен күресуге дайын»,-дейді ол.

Алматыда пандемия басталғалы 21 547 КВИ жағдайы тіркелсе, соңғы тәулікте жаңадан 139 жағдай анықталды. Аурудан сауыққандар саны – 19 487 адам, бұл жұқтырған барлық жағдайлардың 91%-ын құрайды.

Нариман Табынбаев коронавируспен күресуге бағытталған уақтылы қабылданған шешімдер ауру санының күнделікті артып келе жатқандығына қарамастан өз нәтижесін беріп жатқанын айтады.

«Инфекциялық стационарлардың жүктемесі тұрақты деңгейде, бүгінгі күні 724 төсек-орын бос емес, бұл ретте оның 61%-ы бос және 5 145 төсек-орын резервте тұр. Қазіргі уақытта, тәулігіне, орта есеппен 50-90 пациент емдеуге жатқызылуда. Бізде жансақтау бөлімшелері 50%-ға толық. Бастапқыда реанимациялық төсек-орындар саны 80 болса, бізге төсек-орындар санын 120-ға дейін ұлғайтуға тура келді»,- дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол КВИ жұқтырғандардың арасында басқа да ауруы бар науқастар саны айтарлықтай өскендігін жеткізді. Бұл ретте ол қала тұрғындарынан үйден сирек шығуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдеумен айналыспауды және білікті медициналық көмекке жүгіну қажеттігін айтты.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында COVID-19-бен күресу үшін, үйде емделіп жатқан пациенттерге мониторинг жүргізетін Мобильді бригадалар құрылды. Қазіргі кезде үйде медициналық бақылауда 797 адам бар, симптомсыз, ауырлық дәрежесі жеңіл белгілерімен 254 және 543 пациент ем қабылдауда»,-дейді Табынбаев.

Былтыр қыркүйек айында COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді емдеу бойынша МСАК ұйымдарын қолдау мақсатында, қауіпті топтардағы карантиндік пациенттерді қашықтықтан бақылау және консультациялар жүргізу үшін телемедицина орталығы құрылған болатын. Қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін орталық мамандарымен 12 000-нан астам кіріс қоңырауы қабылданып, 51 000-нан астам шығыс қоңырауы жасалды.


Соңғы жаңалықтар