Нью-Йоркте Мемлекет басшысы «Eurasia Group» компаниясының президентімен кездесті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Eurasia Group» компаниясының президенті Ян Бреммермен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Нью-Йорк сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, «Eurasia Group» зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті.

Тараптар кездесу барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар