Нью-Йорк әуежайында ұшақ әуеге көтерілер сәтте жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктен Ганаға ұшуға дайындалып жатқан Delta Air Lines әуе компаниясының жолаушылар лайнері ұшу-қону жолағына апаратын жолда жанып кетті. Келеңсіз жағдай 1 қазан күні Кеннеди атындағы әуежайда болған, деп хабарлайды Fox5.

Оқиға орнына бірнеше ондаған өрт сөндіру және апаттық машиналар келген. Жалын шассидің тіреуінен шыққан, оны жылдам сөндіріп үлгерді.

Жолаушылар мен экипаж эвакуацияланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар