Н. Назарбаев G-GLOBAL алаңын ілгерілету қағидаттарын қайта қарау қажеттігін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербековті қабылдады.

Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында С.Нөгербеков G-GLOBAL халықаралық жобасын ілгерілету жұмысының барысы туралы баяндады, сондай-ақ оны әрі қарай жүзеге асыру доктринасын таныстырды.

Қазақстан Президенті G-GLOBAL жобасы аясындағы негізгі міндет өзекті экономикалық мәселелерді талқылау үшін қажетті алаң қалыптастыру, қатысушылардың кең ауқымын тарта отырып жаһандық дағдарыс көріністеріне қарсы амалдарды бірлесе іздеу болғанын атап өтті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL коммуникативтік алаңын ілгерілету қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Көтерілген мәселелердің Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сәйкестігін қарастыра отырып, оны нақты мамандандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

С.Нөгербеков интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан G-GLOBAL жобасы еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отырғанын айтты. Атап айтқанда, былтыр VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференцияны жариялап-көрсету жұмыстары аясында 400 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 15 мыңнан астам баяндама орналастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар