МЖӘ: Мемлекет 1 теңге инвестиция үшін 2 теңге жұмсап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобалардың тиімсіздігі жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұдан бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жүзеге асырылған жобалардың кемшіліктерін атаған болатынбыз. МЖӘ жобаларының артуы тартылған инвестиция көлемімен сай келмейтіндей мемлекеттің міндеттеме аясын тым кеңейтіп жіберді. 1 теңгелік жеке инвестиция тарту үшін бюджеттен 2 теңгеден алуға тура келеді», - деді Наталья Годунова.

Оның айтуынша, бұл бағытта мемлекеттің міндеттемесі артқанымен, жеке инвестордың міндеттемесі мүлде қарастырылмаған.

«Ақыры, таңдап алынған осы жол жеке серіктестерді жұмыс нәтижелілігін арттыруға ынталандырмайды. Біздің есептеуімізше, республикалық бюджетке орташа есеппен 58 млрд теңгелік негізгі салмақ 2023 жылы түсетін секілді. Бүкіл өңірлер бойынша, 2020-2021 жылдары жергілікті бюджеттерге 70 млрд теңгелік салмақ түседі. Сол себепті, МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық есебі әдістемесін қарастыра отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар