+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Мюнхенде Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды ұстанымын білдірді - Ричард Хаас

2020 жылғы 16 ақпан 02:01
Бөлісіңіз:
Мюнхенде  Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды ұстанымын білдірді - Ричард Хаас

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев сындарлы әрі салмақты ұстанымын айтты. Бұл туралы Халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев сындарлы әрі салмақты ұстанымын айтты. Ол Орталық Азия тақырыбында, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар тұрғысында баяндап берді. Осы орайда, Ресеймен және Қытаймен байланыстар жайында баяндады», - деді ол Мюнхен қауіпсіздік конференциясының аясында тілшілерге берген сұхбатында.

Бұл тұрғыда Ричард Хаас Қазақстан Президенті панельдік пікірталастың негізгі мазмұнын егжей-тегжейлі ашып бергенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымы бүгінгі панельдік пікірталастың тақырыбына толық сәйкес келді. Осының негізі ретінде өңірлік өзара қарым-қатынасқа толық баға берілді. Президент мырза Орталық Азия өңірінің экономикалық әрі саяси дамуындағы Қазақстанның рөлі туралы атап өтті. Панельдік пікірталас қатысушыларына әлемдік сахнадағы Қазақстанның бастамалары мен ұстанымын толықтай түсіндірді», - деді Ричард Хаас.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мюнхен конференциясында Орталық Азиядағы процестерге ерекше назар аударылғанын айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT