Мысырда жартасқа салынған 5 мың жылдық суреттер табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Мысырдағы Асуан қаласынан ғалымдар 5 мың жыл бұрын иероглифтік стильде салынған жартастағы суреттер мен жазуларды тапты. 

Бұл туралы осы елдің ежелгі істер жөніндегі министрлігінің өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, бірегей жартастағы фрескалар осы уақытқа дейін заманауи Египеттің аумағында табылған заттардың ең ежелгісі болып табылады. Оны америкалық Йельский университеті мен Бельгиядағы Корольдік әсем өнерлер музейінің мамандары Эдфу қаласына жақын орналасқан Эль-Кабб жерінен тапқан.

Мамандардың бағалауынша, біздің заманымыздан кем дегенде 4000-3500 жыл бұрынғы жартастарда бірқатар жануарлар мен құстардың суреті бейнеленген. Ғалымдар пілдердің фрескаларына басты назар аударды, себебі ондағы пілдің буаз екендігі айқын көрсетілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл ежелгі көркемөнер үшін бірегей туынды болып саналады. 

Соңғы жаңалықтар